Зеренді ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № А-1/81 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № А-1/359 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4888 болып тіркелген, 2015 жылдың 31 шілдесінде "Зерен" және "Зерделі Зеренді" газеттерінде жарияланған").
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы