Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № С-48/11 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабына сәйкес және Қазақстан Республисының заңнамалары өзгеруіне байланысты, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 9 қаңтардағы № С-12/6 "Еңбекшілдер ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкаларын жоғарлату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3644 тіркелген, 2013 жылдың 15 және 22 ақпандағы "Жаңа дәуір" - "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған) шешімі;
      2) Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 сәуірдегі № С-39/5 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Еңбекшілдер ауданы шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы және бірыңғай жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4825 тіркелген, 2013 жылдың 19 маусымда "Жаңа дәуір" - "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған) шешімі;
      3) Еңбекшілдер аудандық мәслихатың "Еңбекшілдер аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 45/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5171 тіркелген, 2016 жылдың 22 қаңтарында "Жаңа дәуір" - "Сельская новь" аудандық газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа еңгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы
И.Магерко
      Аудандық мәслихат
хатшысының м.а.
И.Магерко