«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдағы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп есептелсін:
Астрахан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 87 «Астрахан ауданындағы мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-84 тіркелген, аудандық «Маяк» газетінде 2008 жылғы 16 мамырда жарияланған);
Астрахан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 212 «Астрахан ауданында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-175 тіркелген, аудандық «Маяк» газетінде 2012 жылғы 7 маусымда жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов