Степногорск қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № а-4/181 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 04 мамырдағы № а-5/180 (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 мамырдағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде № 1-2-166 тіркелген, 2012 жылғы 21 маусымдағы "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" №25 газеттерінде жарияланған), "Степногорск қаласы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздерін бекіту туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № а-12/482 (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде № 5229 тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпандағы "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" №6 газеттерінде жарияланған), қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев