Көкшетау қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № А-2/300 қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Көкшетау қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Көкшетау қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/83 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 1-1-97 болып тіркелген, 2009 жылдың 5 ақпанында «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е.Маржықпаев