"Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 07 қыркүйектегі № 111-1588 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылға 23 қаңтардағы. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 желтоқсандағы № 111-2258 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 993 болып тіркелген, 2016 жылғы 04 ақпандағы № 13 (3365) "Астана ақшамы" және 2016 жылғы 04 ақпандағы № 13 (3383) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Бектұроваға жүктелсін.

      Әкім                                     Ә. Исекешев