Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 66 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 403 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сырым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 66 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда "Сырым елі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсеновке жүктелсін.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Т.Төреғалиев