Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 421 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 185 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 421 қаулысы (нормативтік құқықтық ақтілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 30 қазандағы № 3521 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 3 желтоқсанда "Бесқарағай тынысы" газетінің № 97 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі Н. Сыдықов