Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 128 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 236 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 128 "Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3737 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 21 наурызда № 23, 24 (10423, 10424) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рғаеваға жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Байахметов