14.12.2015

"Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланушы қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілерге арналған тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланушы қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілер үшін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 76 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 ақпандағы № 37 бірлескен бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6069 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 наурыздағы № 39 (1661) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті:
      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі       Энергетика министрі
      ___________ Е. Досаев           ___________ В. Школьник


Дата вступления в силу:  14.12.2015
Дата изменения акта:  14.12.2015
Дата принятия акта:  14.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 08.01.2016 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103033000000 / 103036000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97353
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  717
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  008002000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1530
Язык акта:  kaz