"Төлеби ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекіту туралы" Төлеби ауданы әкімдігінің 02 шілде 2015 жылғы № 298 қаулысының күшін жою туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 577 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Төлеби ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекіту туралы"(Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 3313 тіркелген, 2015 жылғы 29 тамыздағы "Ленгер жаршысы" газетінде жарияланған) Төлеби ауданы әкімдігінің 02 шілде 2015 жылғы № 298 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмұрзаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков