"Созақ ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 284 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 498 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Созақ ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 284 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3332 тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйектегі «Созақ үні» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Еденбаеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М.Исаев