"Жүзімдік ауылдық округі А.Сәтбаев ауылының Ш.Уалиханов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жүзімдік ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 9 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 02-17/164 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Жүзімдік ауылдық округі А.Сатбаев ауылының Ш.Уалиханов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" ауылдық округ әкімінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Сарыағаш" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Жүзімдік ауылдық
      округінің әкімі У.Смаилов