Сайрам ауданы әкімінің 26 наурыз 2015 жылғы № 10 "Сайрам ауданының Құтарыс ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 22 шешімі

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабына сәйкес Сайрам ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сайрам ауданы әкімінің 26 наурыз 2015 жылғы № 10 «Сайрам ауданының Құтарыс ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3094 тіркелген, 3 сәуір 2015 жылы «Мәртөбе» газетінде жарияланған) шешімінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                В.Кайназаров