"Ордабасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы" Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 328 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 582 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ордабасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 328 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3312 тіркелген, 2015 жылғы 4 шілдедегі аудандық «Ордабасы оттары» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С.Сапарбаев