Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 511 "Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 525 қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 511 «Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 2436 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін уақытша
      атқарушы:                                  А.Темір