Арыс қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 605 "Арыс қаласы әкімі аппаратының және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 616 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арыс қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы «Арыс қаласы әкімі аппаратының және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» № 605 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 2498 рет санымен тіркелген, 2014 жылдың 21 қаңтардағы № 4 (5894) «Арыс ақиқаты» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Р.Айтбаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 С.Ертай