"2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 176 қаулысының

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 296 қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы, 8-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2011 жылғы 27 шілдедегі № 176 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2055 болып тіркелген. 2011 жылғы 8 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б.Атамқұлов

      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев