"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті әзірлеген "Босқындар туралы есеп" (коды 7291203, индексі 8-КҚ, кезеңділігі жартыжылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 100 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті әзірлеген «Босқындар туралы есеп» (коды 7291203, индексі 8-КҚ, кезеңділігі жартыжылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 382 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 ақпанда № 7427 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 178*182 (27256); 2012 жылғы 5 мамырдағы № 210-215 (27289) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                               Ә. Смайлов