"Тіс протездеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудан әкімінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 14 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 40 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі ШЕШТІ:
      1. "Тіс протездеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудан әкімінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 14 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 13-5-102 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2009 жылғы 30 қарашадағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2009 жылғы 30 қарашадағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Тайшабаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Дудов