"Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына арналған медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың айналысы, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық мақсаттағы техника саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының н

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 785 бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына арналған медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың айналысы, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық мақсаттағы техника саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 796 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 8175 болып тіркелген және 2013 жылғы 14 тамыздағы № 251 (27525) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық департаменттеріне мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2015 жылғы 21 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      және әлеуметтік даму
      министрі                                           Т. Дүйсенова