"Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 84-ө-м бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 506 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және  29-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 368-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9050 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 1 наурыздағы № 42 (28266) газетінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 226 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9024 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (28248) газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Персоналды дамыту басқармасы осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                             В. Школьник