Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған қаулысын күші жойылған деп тану туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 172/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес Шарбақты ауданының/әкiмдiгi/ҚАУЛЫ/ЕТЕДI:
      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2014 жылғы 25 ақпандағы "Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы" № 68/2 қаулысының (Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 наурызда № 3744 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірдегі аудандық № 15 "Маралды" және № 15 "Трибуна" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Ыбыраев