Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Екібастұз - Бесқауға және Екібастұз - Майқайың автомобиль жолдарындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 05 тамыздағы № 6 шешімі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен сәйкестікке келтіру мақсатында, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Екібастұз - Бесқауға және Екібастұз - Майқайың автомобиль жолдарындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 4 (Павлодар облысының Әділет департаментінде № 4442 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 17 "Отарқа" және № 17"Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Д. Адасбаеваға жүктелсін.
      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк