Әкімдіктің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 68 "Қамысты ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 136 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 68 "Қамысты ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5630 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымдағы "Сатып Алу Ақпарат" газеттінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Бисимбаев