Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 42 "Алтынсарин ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдард

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 234 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік  құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 42 "Алтынсарин ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тipкeу тізілімінде № 5501 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 cәуірдегі "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Б. Ахметов