Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы "Шиелі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" № 522 қаулысының күшін жою туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 683 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы "Шиелі ауданының шалғайдағы елдi мекендерiнде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 17 маусымында № 5020 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2015 жылғы 1 шілдесіндегі №49(8299) санында жарияланған) № 522 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев