09.12.2015

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 895 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4974 болып тіркелген, 2015 жылдың 19 мамырында "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған);
      2) "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 897 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4975 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 мамырында "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев


Дата изменения акта:  09.12.2015
Дата принятия акта:  09.12.2015
Место принятия:  100061000000
Орган, принявший акт:  161000000001
Регион действия:  100061000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  96843
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  255
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001000000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1720
Язык акта:  kaz