Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 29/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі "Қаракеңгір ауылдық округінін Бозтұмсық ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 24/01 қаулысымен белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі "Қаракеңгір ауылдық округінін Бозтұмсық ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 24/01 қаулысының (Қарағанды облысының Әділет департаментіне 2015 жылдың 14 тамызында № 3373 санымен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын қадағалау Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Максут Сарсенбаевич Оспановқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Х. Омаров