Ростовка ауылдық округі Красная Нива ауылында шектеу іс-шараларын алу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 48/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 10-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 06-3-02-33/850 "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ростовка ауылдық округі Красная Нива ауылында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлы іс-шараларды жүргізуіне байланысты Ростовка ауылдық округі Красная Нива ауылында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
      Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 40/01 "Ростовка ауылдық округі Красная Нива ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2804 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашадағы № 44 (1078) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 19 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      Аудан әкімі Н. Кобжанов