Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылының аумағынан карантин іс-шараларын алу туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 46/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 10-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және 2015 жылғы 23 қарашадағы № 06-3-02-33/802 "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлы іс-шараларды жүргізуіне байланысты Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылының аумағынан белгіленген карантин алынсын.
      Күші жойылды деп танылсын:
      1) Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 09/01 "Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2562 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 наурыздағы № 11 (1045) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 25 сәуірде жарияланған);
      2) Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 32/03 "Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 09/01 "Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3396 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қыркүйектегі № 37 (1123) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 14 қыркүйекте жарияланған).
      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      Аудан әкімінің м.а. А.Әли