Дубовка ауылдық округінің Алабас ауылында шектеу іс – шараларың алу туралы

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 35/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 10, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және 2015 жылдың 18 тамыздағы № 06 – 3 – 02 – 33/565 "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Дубовка ауылдық округіндегі ірі қара малдың арасынан туберкулез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарияық – санитарлы іс – шараларды жүргізумен байланысты Дубовка ауылдық округінің Алабас ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/01 "Дубовка ауылдық округі Алабас ауылында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3000 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпандағы № 6 (1092) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 10 наурызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      Аудан әкімі Н. Кобжанов