"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының регламентiн бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi № 19/232-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3316, 2014 жылғы 26 мамырдағы № 58 "Дидар", 2014 жылғы 27 мамырдағы № 59 "Рудный Алтай" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының регламентiнде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Н. Омаров |
| Шығыс Қазақстан облыстық | |
| мәслихатының хатшысы | Г. Пинчук |