Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы "Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 517 қаулысының күшін жою туралы

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 879 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Панфилов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Панфилов аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы "Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 517 қаулысы (2015 жылғы 16 шілдедегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3286 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 14 тамыздағы аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 34 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Курбановқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев