Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы "Панфилов ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" № 01-02 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 06-08 шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы "Панфилов ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылыдың 06 ақпанында № 3031 тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінде 2015 жылдың 21 ақпандағы № 8 жарияланған) № 01-02 шешімінің, Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 02 наурыздағы "Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы "Панфилов ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" № 01-02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылыдың 04 наурызында № 3086 тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінде 2015 жылдың 14 наурыздағы № 12 жарияланған) № 03-05 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мағрупова Роза Азаматқызына жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев