"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 9 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес, "Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 29 қазаңдағы № 231 "Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы" ұсынысы негізінде, И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3892 болып енгізілген, 2014 жылғы 15 мамырда "Қобда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
 

      И.Білтабанов атындағы
ауылдық округінің әкімі

А.Тасмағамбетов