"Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 4 шілдедегі № 458 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 164 бұйрығы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 4 шілдедегі № 458 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарында:

      8-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8. Мемлекеттік органдардың мынадай функцияларын заңға тәуелді актілер деңгейінде белгілеу ұсынылады:

      1) тиісті салада мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындау;

      3) белгілі бір тауарларды, заттарды, жануарларды кәдеге жаратуды, жоюды ұйымдастыру;

      4) тиісті салада кадрлар даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;

      5) сарапшыларды, консультанттарды тарту;

      6) нормативтерді (материалдық қамтамасыз етуді), тұтыну нормаларын, квоталарды бекіту, оларды бөлу;

      7) жобаларды, схемаларды, кестелерді, шығыстарды бекіту, шығындарды өтеу;

      8) тиісті саладағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері;

      9) тиісті саладағы мемлекеттік тапсырысты орындау;

      10) тиісті салада қолдау шараларын тұжырымдау және қамтамасыз ету;

      11) тиісті салада сынақ, зерттеу, іздестіру жүргізу бойынша мәселелерді реттеу;

      12) тиісті салада тізілімдерді, тіркелімдер мен кадастрларды жүргізу, есепке алуды, бағалауды, талдауды, мониторингтеуді, базалар мен деректер банкін жүргізу бойынша мәселелерді реттеу;

      13) белгілі бір заттарды жіктеуді, олардың санатын, мәртебесін, класын белгілеуді, беруді не өзге де сәйкестендіруді жүзеге асыру;

      14) ақпараттық жүйелер, байланыс жүйелері мен деректер беру жүйелерін, техникалық құралдарды, сондай-ақ ақпаратты қорғау жүйелерін жасау;

      15) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;

      16) объектілерді, жобаларды пайдалануға беру, қабылдау, оларды қамтамасыз ету;

      17) типтік құжаттарды, түрлі жоспарларды, техникалық нормаларды әзірлеу және бекіту;

      18) ұйымдастырушылық кадрлық мәселелер.

      Бұл ретте, заңға тәуелді актілер деңгейінде мемлекеттік органдардың функциялары мен құзыреттері заңнамалық актілерде "Құқықтық актілер туралы" Заңының 24-бабындағы талаптарға сәйкес нақтыланатын негізгі ережелер бар болған жағдайда белгілінеді.".

      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
А.Н. Есқараев