23.01.1993

Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Орман кодексi 1993 жылғы 1 наурыздан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актiлерi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне қайшы келмейтiн болғандықтан, олар Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Орман кодексiмен сәйкес келтiрiлгенге дейiн қолданыла беретiн болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Орман кодексi ол күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқық қатынастарына, яғни 1993 жылғы 1 наурыздан бастап қолданылады.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      1993 жылғы 1 наурызға дейiн орман қорына мемлекеттiк есеп жүргiзу тәртiбiн белгiлесiн;
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiн Қазақстан Республикасының Орман кодексiмен сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды табыс етсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес келтiрсiн.
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының Қазақстан Республикасының Орман кодексiне қайшы келетiн нормативтiк актiлерiн қайта қарауы мен күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
      1993 жылғы 1 қыркүйекке дейiн:
      Ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, қорғалуына, сақталуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау туралы ереженi;
      орман қоры учаскесiн пайдалану құқығына лицензия берудiң түрi мен тәртiбiн, сондай-ақ Ағаш саудасы мен конкурстарын өткiзу тәртiбi туралы ереженi;
      Орман қоры учаскелерiн жалға беру туралы ереженi;
      Ормандардағы дiңгек ағаш сүректерiн босату ережесiн;
      басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережесiн;
      Орман қорында пiшен шабу мен мал жаю ережесiн;
      Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру және ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн;
      Орман кадастрын жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ орман мониторингiнiң құрылымын, мазмұны мен жүзеге асырылу тәртiбiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      5. 1978 жылғы 11 тамыздағы Қазақ КСР Заңымен бекiтiлген Қазақ КСР Орман кодексi (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомстары 1978 ж., N 34; 1980, N 12; 1984, N 36, 447-бап) 1993 жылғы 1 наурыздан бастап күшiн жойды деп танылсын.
      6. Қазақстан Рсепубликасы Жоғарғы Кеңесiнiң аграрлық мәселелер және азық-түлiк жөнiндегi комитетi, Экология мәселелерi және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiндегi комитетi осы Қаулыда көзделген шараларды iске асыру барысында бақылауды қамтамасыз етсiн және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.

        Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Кеңесінiң Төрағасы


Дата изменения акта:  08.07.2003
Дата принятия акта:  23.01.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1925
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  014000000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  0600
Язык акта:  kaz