"Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 1992 жылғы 23 маусымдағы N 1408-ХII

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған кезiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерiн қаржы,

материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз
ету жөнiнде шаралар қолдансын;
     Қазақстан Республикасының заң актiлерiн осы Заңға сәйкес
келтiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн;
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Қазақстан
Республикасының iшкi әскерлерi туралы" Заңға сәйкес келтiретiн
болсын.
     Қазақстан Республикасы
     Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы