"Қазақстан Республикасында алынған биологиялық белсенді заттарды есепке алу, тіркеу және сақтау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 26 маусымдағы № 350, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2014 жылғы 19 ақпандағы № 45, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 13 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Қазақстан Республикасында алынған биологиялық белсенді
заттарды есепке алу, тіркеу және сақтау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 26 маусымдағы № 350 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 249 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 шілдеде тіркелді, тіркеу № 4304, 2006 жылғы 28 маусымдағы № 270-273(26671) «Егемен Қазақстан» жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым
комитеті (Н.М. Ыбырайым) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Ғылым медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау
комитеті белгіленген тәртіпте:
      1) бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым
вице-министрі Т.О. Балықбаевқа және денсаулық сақтау вице-министрі
Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы        Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің  Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушының          міндетін атқарушының
      __________ Т. Балқыбаев        __________ Е. Байжүнісов