"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Кедендік бақылау агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл жасасудың және әкелінетін, әкетілетін азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, улы з

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 795, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 170 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 483 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Кедендік бақылау агенттігі арасындағы өзара іс-қимыл жасасудың және әкелінетін, әкетілетін азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондары, аңшылық оқ-дәрі, жарылғыш, улы заттар, түрлі-түсті бейнелеуде көбейту-көшіру техникасы туралы ақпарат алмасу туралы» нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы № 131, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2003 жылғы 31 наурыздағы № 97, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 наурыздағы № 98 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 сәуірде № 2258 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) бір апталық мерзімде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) ақпараттық бұқаралық құралдарына осы бірлескен бұйрықты ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы         Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі            Инвестициялар және даму министрі
      __________Қ.Н. Қасымов         _______________Ә.Ө. Исекешев

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      __________Б.Т. Сұлтанов