«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 58 бұйрығының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізімін тіркеу реестрінде № 7687 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2012 ж., № 10 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бұйрықтың көшірмесін жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнімен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Д.Мыңбай