14.05.2012

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына бұйрықтардың:
      1) «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт және емдеу-алдын-алу тағамдарын беру нормалары мен ережесін және Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық - тұрмыстық үй-жайлармен, құрылғылармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 184-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4913 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, маусым-тамыз);
      2) «Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 203-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4922 болып тіркелген, 2007 жылғы 16 қарашадағы № 176 (1205) «Заң газеті» газетінде, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, шілде-қыркүйек) күші жойылды деп танылсын.
      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен белгіленген тәртіппен алып тастау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Г. Әбдіқалықова



Дата вступления в силу:  14.05.2012
Дата изменения акта:  14.05.2012
Дата принятия акта:  14.05.2012
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103016000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  184-ө-м
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  003005000000 / 002004004000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  3000
Язык акта:  kaz