Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 178 бұйрығы.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
      1. Мыналардың:
      1) «Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 401 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5291 болып тіркелген, 2008 ж., № 10 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);
      2) «Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 292 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудін тізілімінде № 6330 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 шілдедегі № 189 (26250) «Казахстанская правда» газетінде; 2010 жылғы 23 шілдедегі № 298-299 (26143) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д. Үсенова) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жәмішев