"Порт капитаны кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, порттағы қызметті ұйымдастыру мен реттеу мақсатында кемелерді қадағалауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 8 шілдедегі

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 97 Бұйрығы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.01.2015 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6310 болып енгізілді, 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 27-28 (26430) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      1-бағанда «Жөнелтушi/экспорттаушы» деген сөздер «Жүк жөнелтушi/экспорттаушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бағанда «Алушы/импорттаушы» деген сөздер «Жүк алушы/импорттаушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-бағанда «Шығару өлшемдері» деген сөздер «Шығу тегiнiң өлшемдерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-бағанда «Салмағы (кг, ыдыс, таза)» деген сөздер «Тауар саны» деген сөздермен ауыстырылсын.
      тауардың шығуы туралы сертификаттың қосымша парағында:
      9-бағанда «Шығару өлшемдері» деген сөздер «Шығу тегiнiң өлшемдерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-бағанда «Салмағы (кг, ыдыс, таза)» деген сөздер «Тауар саны» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Қ. Әбдібековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің Орынбасары –
      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрі                           Ә. Исекешев