Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 56 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік заемдары, заемдары және салымдары (депозиттері) есептеу ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 293 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 954 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 293 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің кредиттері, несиелері және депозиттері бойынша сыйақы (мүдде) есептеу ережесіне өзгерістерді бекіту туралы» 2000 жылғы 9 қазандағы № 378 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1293 тіркелген, 2000 жылғы 13 желтоқсанда «Заң газеті» газетінің № 53 (372) жарияланған);
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредиттері, несиелері және депозиттері бойынша сыйақы (мүдде) есептеу ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 293 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 11 наурыздағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3551 тіркелген).
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
      1) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаулылардың күші жойылды деп танылғандығы туралы осы қаулының көшірмесін қоса отырып хабарласын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және ұйымдарына жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Монетарлық операциялар департаментінен жариялауға өтінімді алғаннан кейін осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                       Г. Марченко

Дұрыс:
ҚРҰБ Басқармасының
және Директорлар кеңесінің хатшысы                     А. Дупленко