Комитеттің 27.02.2007ж. № 79 бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шараушылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 179 Бұйрығы

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 20.04.2016 № 73 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2, 5-3 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 және 3 тармақшаларына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдем ету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандағы мүгедектерге жалпы жұмыс орындарынан 3 пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Мекемелермен және ұйымдармен тығыз байланыс орната отырып, жұмыссыз есебінде тіркеуде тұрған еңбекке жарамды мүгедектерді жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес жұмысқа орналастырып, оларға жолдама беру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Ш.Спановаға тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі: Б.Кемешов